16 желтоқсан – Қазақстанның Тәуелсіздік күні

2020 жылдың 11 желтоқсанында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультеті Қиыр Шығыс кафедрасының эдвайзерлері У.А.Амирбекова мен Б.Ж.Ташкенбаеваның жетекшілігімен корейтану бөлімінің 2-3 курс студенттері үшін Тәуелсіздік мерекесіне орай «16 желтоқсан – Қазақстанның Тәуелсіздік күні» тақырыбында онлайн форматтағы кураторлық сағат өткізілді.
Іс-шараны «Шығыстану» мамандығының 2 курс студенттері Тілектес Назерке, Мұрат Айзат, Асылбекқызы Салима, Мединаева Майя, Гүлжайна Өмірғали, Анель Ибраимова, Гүлжан Оман ұйымдастырды. Еліміздің еркіндігінің, егемендігінің белгісі – ол тәуелсіздік. Бұл атаулы күн әрбір қазақ үшін маңызды мереке болғандықтан, студенттердің бойында өз Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыра отырып, өз ана тілін, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрлерін сақтай білуге тәрбиелеу іс-шараның басты мақсаты болып табылады. Онлайн кездесу барысында студенттер 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісі, 1990 жылдың 25 қазанында «Қазақ ССР-нің Мемлекеттік егемендігі туралы» Декларацияның қабылдануы, 1991 жылдың 25 желтоқсанында ТМД құру туралы Алматы декларациясына қол қойылғандығы, Семей ядролық полигонының жабылуы, 1991 жылдың 10 желтоқсанында республикамыздың атауының Қазақстан Республикасы болып өзгергендігі, Қазақстанның Мемлекеттік рәміздерінің белгіленгендігі, елмізідің тәуелсізідігін бүкіл әлемнің мойындағандығы, Ата Заңымыз, Ұлттық валютамыз және тағы да басқа еліміздегі айтулы оқиғалар қамтылған презентацияны тамашалап, халқымыздың тәуелсіздікке жету жолындағы тарихын еске алды. Өз елі үшін мақтаныш сезімін оятатын мұндай танымдық іс-шаралардың жастарға берері мол деген сенімдеміз.
Басқа жаңалықтар
