"Ғылым - мамандық пен кәсіп ретінде" атты тақырыпта онлайн дәріс Farabi University

"Ғылым - мамандық пен кәсіп ретінде" атты тақырыпта онлайн дәріс

16 мамыр, 2021

Наурыз айында кафедра оқытушылары Амирбекова У.А. и Ташкенбаева Б.Ж "ғылым - мамандық пен кәсіп ретінде" атты тақырыпта онлайн дәріс ұйымдастырды. Дәрісті Ахапов Ерлан Абдиевич -Қиыр Шығыс кафедрасының доценті оқыды. Ол өз тәжірибесімен бөлісіп, өзінің мысалында ғылыми жұмыстарды, диссертацияларды қалай дұрыс тұжырымдау керектігін айтып түсіндірді . Ерлан Абдиевич ғылым саласына қалай келгені туралы, сонымен қатар Жапонияда алған тәжірибесімен бөлісті. Студенттер көптеген жаңа нәрселерді білді. Ғылыммен айналысу барысында ең маңызды факторлардың бірі ол адамның ықыласы мен бұл істің оған ұнауы -деген тұжырымдамаға келдік. Ғылыми жұмыстарды жазып, жаңа нәрселерді зерттей отырып қана қоймай қоғамға да өз үлесін қосу керектігін талқыладық. Соңында бірнеше сұрақтар қойдық. Дәріске қатысушылар 2-ші, 3 -ші курс студенттері болғандықтан, көбінесе алдағы жазатын дипломдық жұмыс тақырыбы мен зерттеу қалай жүргізілетіні қызықтырды. Дәріс емін-еркін формада, қызықты, әрі біз үшін өте пайдалы болды. Бұл дәріс дипломдық жұмысты жазуда өз септігін тигізеді деген ойдамыз.