Экологиялық токсикология және химия қоғамының халықаралық жиналысындағы "Үздік ауызша баяндама" үшін 3ші орынFarabi University

Экологиялық токсикология және химия қоғамының халықаралық жиналысындағы "Үздік ауызша баяндама" үшін 3ші орын

17 мамыр, 2021

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы және Лотарингия университетінің табиғи ресурстар және инженерия туралы ғылым (агрономиялық ғылымдар) докторлық мектебінің (Нанси қ., Франция) «Абай-Верн» атты екі дипломды бағдарлама аясында ("Экология") білім алушы – PhD докторант Амутова Фарида, 2021 жылғы 3 мамырда экологиялық токсикология және химия қоғамының (SETAC EUROPE) халықаралық жиналысында «Assessment and management of transfer of persistent organic pollutants from to outdoor reared animals» тақырыбында ауызша баяндама жасады.

SETAC EUROPE – бұл экологиялық мәселелерді зерттеу, талдау және шешу, табиғи ресурстарды басқару және реттеу, зерттеулер мен әзірлемелер, сондай-ақ экологиялық білім берумен айналысатын 85 елдегі 5300-ден астам адам мен мекемелерден тұратын коммерциялық емес дүниежүзілік кәсіби ұйым.

SETAC EUROPE 2021 аясында ұйымдастырылған Жас ғалымдар байқауына қатысу нәтижесінде Амутова Фарида «үздік ауызша баяндама» үшін 3 орын алды.

Фариданың ауызша баяндамасына сілтеме:

https://drive.google.com/file/d/1eytgblU6Z6CkuVGxUfXKfzXqp2nVLBGk/view?usp=sharing