- Басты бет
- Жаңалықтар
- Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің Мәдени өкілдігі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінде қонақта
Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің Мәдени өкілдігі Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Шығыстану факультетінде қонақта
2021 жылдың мамыр айының 18 күні Иран Ислам Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің Мәдени өкілдігінің мәдени істер жөніндегі кеңесшісі Али Акбар Талеби Матин мырза әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Шығыстану факультетінің тыныс-тіршілігімен жақынырақ танысу мақсатында арнайы кездесуге келді. Дәлірек айтқанда, осы факультетте үйретілетін сегіз шығыс тілінің бірі – парсы тілі бөлімінің оқытушылары, студенттері және Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының оқытушы-профессорлар ұжымымен кездесті. Кездесу барысында Шығыстану факультетінің деканы, PhD Ықтияр Палтөре арнайы келген ресми қонақты шығыстану факультетінің бүгінгі тынысымен, оқытушы-профессорлар құрамымен таныстырды. ИИР Қазақстан Республикасындағы Елшілігінің Мәдени өкілдігінің мәдени істер жөніндегі кеңесшісі Али Акбар Талеби Матин мырза 30 жылдың ішінде екі елдің арасында қалыптасқан ғылыми-мәдени қарым-қатынасты жалғастыру бағытында аянбай жұмыс істейтіндігін мәлімдеді.
Сонымен қатар, Али Акбар Талеби Матин мырза ел елдің арасындағы қарым-қатынастың болашағы жарқын болатынына сенімі мол екенін және ол үшін ел елдің басшылары барлық тиісті қадамдарды жасағанын және жасауға мүдделі екеніндігін жеткізді. Осы уақытқа дейін мәдени-ғылыми байланыстарды нығайту мақсатында студенттер мен оқытушылардың біліктілігін арттыру үшін қысқа және ұзақ мерзімді бағдарламалар жұмыс істесе, алдағы уақытта осындай бағдарламаларды жалғастыруға ықыласты екендігін айтты. Кездесу соңында Али Акбар Талеби Матин мырза Шығыстану факультетінің басшылығына және оқытушы-профессорлар ұжымына ежелден дос әрі көрші Иран елінің тілі мен мәдениетіне деген құрметі мен ықыластары үшін алғыс білдірді.
Сілтеме: https://youtu.be/9yd_j4WC6fQ