«МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВТЫҢ 90 ЖЫЛДЫҒЫ»Farabi University

«МҰҚАҒАЛИ МАҚАТАЕВТЫҢ 90 ЖЫЛДЫҒЫ»

21 мамыр, 2021

08.04.2021 күні Ақпараттық жүйелер кафедрасының оқытушысы, куратор Жүнүсбаева Саламаттың басшылығымен «Ақпараттық жүйелер қауіпсіздігі» мамандығының 19-11 тобының студенттерімен ZOOM платформасында онлайн-режимде Ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерей тойына арналған арналған кураторлық сағат өткізілді.

Кураторлық сағат мақсаты Мұқағали Мақатаевтың өмір жолымен, шығармашылығымен оқушыларды таныстыру. Ғасыр ақыны Мұқағалидың жырларын насихаттау. Ақын өлеңдерінің мәңгілік жыр қазына екенін ұғындыра отырып оқушыларды өлеңді мәнерлеп,нақышына келтіріп оқуға дағдыландыру. Отанға, анаға деген сүйіспеншілігін арттыру. Отанды, туған жерді сүюге тәрбиелеу, ақын жырларынан үлгі алу.

Кураторлық сағатта ақиық ақынның шығаршашылығындағы туындылары көрініс тапты.

Сабаққа сілтеме: https://cloud.mail.ru/public/ybg9/GfxpLNCWJ