ҚазҰУ-де 4,6 шілде күндері екі лекпен Алматы қаласының Бостандық ауданындағы 39 мектепкеүшін ұлттық бірыңғай тестілеу өтті. ҰБТ-ге 1357 өтініш беріліп, 1236 адам тестілеуге қатысты.
ҰБТ нәтижесі бойынша жалпыорташа балл 88, 86 % болды. Алматы қаласы бойынша ең жоғарғы125-тен 125 балл жинаған қатысушы ҚазҰУ-де тапсырған еді.Ол 146 мектептіңАблай Нурсауле атты мектеп бітірушісі еді. 100-ден жоғары балды 288 адам алды. Мектеп бітірушілердің дайындық деңгейі алдыңғы жылмен салыстырғанда 3, 5%-ке өсті.
Апелляция 5,7 шілде күндері өтіп, барлығы 82 өтініш берілді. Республикалық апелляциялық комиссияның шешімі бойынша 1 қатысушыға математика пәні бойынша 1 балл қосылды. Жалпы, ҚР-ның БҒМ есебі бойынша, ҚазҰУ-де ҰБТ өте жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өткізілді.
ҚазҰУ-де өткізілген ҰБТ-ны ұйымдастыруға және өткізуге жауапты тұлға Алпысбаева Д.И. ТАНжәне Ел-Арна телеарналарына ҚазҰУ-де өткізілген ҰБТ-ның өтуі және ұйымдастырылуы жайында толық ақпарат берді. Мемлекеттік комиссияның хатшысы Ауган М.А. «Казак радиосының» сұрақ-жауабына толықақпарат берді. ҚазҰУ-де ҰБТ-ның өткізілуі барысында ТАН телеарнасымен«Назар орталығы» бағдарламасыаясында бірқатар бағдарламалар өткізілді.