ҚазҰУ студенттері әскери ант қабылдайды

29 маусым, 2011

2011 жылдың 3 шілдесінде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеттің әскери дайындықтың толық курсын өткен студенттері әскери ант қабылдайды.

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеттің әскери кафедрасы 1934 жылы Қызыл Әскер құрамына кіретін әскери резерв дайындау мақсатында құрылды.

Қазіргі уақытта әскери кафедрада мотоатқыштар әскери және әуе қорғаныс әскери мамандықтарын дайындайды, әскери дайындықты тәжірибелі оқытушылар ұйымдастырады және жүргізеді.

2010 жылдан жаңа әскери-есепте мамандықтар оқытылады:

- Заңгерлік жұмыстар;

- Мотоатқыштар бөлімшесінде тәрбие және әлеуметтік-құқық жұмыстарын ұйымдастыруы;

- Әскери аудармашы.

Әскери ант қабылдау салтанатына Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің өкілі қатысады, университет басшылығы, Ұлы Отан соғысы ардагерлері, Қарулы Күш ардагерлері, студенттердің ата-аналары мен қоғам мүшелерінің өкілдері болады.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің орталық ансамблінің солистері өнер көрсетеді және әскери кафедраның техникасы мен құралдарының көрмесін өткізу арнайы жоспарланып отыр.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі