«ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 30 ЖЫЛ» (кураторлық сағат)

22.02.2021 күні Ақпараттық жүйелер кафедрасының оқытушысы, куратор Жүнүсбаева Саламаттың басшылығымен «Ақпараттық жүйелер қауіпсіздігі» мамандығының 19-11 тобының студенттерімен ZOOM платформасында онлайн-режимде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған кураторлық сағат өткізілді.
Студенттер Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеудің тарихи алғышарттары туралы презентация дайындады. Студенттермен осы тақырыпты талқылай отырып, осы 30 жылға тарихи оқиғаларға шолу жүргіздік.
Тәрбие сағатымыздың мақсаты – өз еліміздің тілін, тарихын, салт-дәстүрін, әдебиетін қадір тұтып, құрметтеу, сондай-ақ, мемлекетімізді әлемдік деңгейге жеткізу біздің қолымызда екенін, студенттерге патриоттық тәрбие беру болып табылады.
Кураторлық сабақ соңында, тарихи оқиғаларды студенттердің есінде қалдыру мақсатында, Kahoot платформасында викториналық сұрақтар жүргіздік.
Ақпараттық жүйелере кафедрасының оқытушысы Жүнүсбаева Саламат.
Кураторлық сабаққа сілтеме: https://drive.google.com/file/d/1VHqbojfxO0bdz8CPdEjvXotc2Xj07Fb_/view?usp=sharing
Басқа жаңалықтар
