- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚазҰУ мен Мокпо (Корея) ұлттық университеті арасында әріптестік пен келісім-шартқа қол қойылды
ҚазҰУ мен Мокпо (Корея) ұлттық университеті арасында әріптестік пен келісім-шартқа қол қойылды
29 маусымда ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтанов Мокпо ұлттық университетінің делегациясымен (Оңтүстік Корея) кездесті. Университет президенті - Ко Сеок Кью. Кездесу барысында екіжақты білім, ғылым мәселелері талқыланып, әріптестік пен академиялық алмасу жөніндегі келісім-шартқа қол қойылды.
ҚазҰУ ректоры Ғалым Мұтанов қабылдаған делегация құрамында университет ғалымдары, Алматыдағы Корея Республикасының дипломатиялық міндетін атқарушы өкілдері бар. Кездесуде ректор ҚазҰУ-дың жеткен жетістіктері мен даму келешегі туралы бөлісті. Сондай-ақ, ғылыми-зерттеу университетіне айналу барысында әлемдік университеттермен академиялық алмасу іске асатынын айтты.
«Білім және ғылым министрлігінен шетелдік ғалымдарды шақырылып, дәріс оқуларына және біріге зерттеу жобаларын жасауға қаржы бөлініп отыр», - деді Ғ.Мұтанов.
«Біз сіздердің тараптан түскен ұсыныстарды қарап көруге дайынбыз, жобаларды талқылауға әрі ары қарай дамыту үшін белгілі мамандарыңыздың арнайы келуі әріптестігіміздің нығайюының бастамасы», - екеніне де тоқталды.
Ректордың айтуынша, тиімді дамуға және өзара ынтымақтастықты дамытуда екі елдің ұлттық университеттерінің арасында бірнеше бағыттар бар. Алғашқысы – техникалық мамандықтар, көпғылымды технологиялар және инженеринг саласы.
«Бізді жаңарған энергия көздеріне зерттеу жүргізу қызықтырады», - деді ол. Екіншіден, аса маңызды бағыт – бұл докторантура, магистратура салалары бойынша біріккен бағдарламалар және студенттер алмасу.
Мокпо ұлттық университетінің президенті Ко Сеок Кьюдің пікірінше, әріптестікті дамыту Қазақстандағы кәріс жылы аясында өте жақсы нәтиже бермек.
«Біз ұлттық мемлекеттік университетті басқарып отырмыз, біздің беделіміз бен мақсатымыз бірдей – біз еліміздің игілігі үшін жұмыс істейміз. Біздің университеттер арасында достық қатынас жақсы орнаған, бұл кездесуде шынайы нәтиже беретініне сенемін», - деді Мокпо университетінің президенті.
Ко Сеок Кью университетте шетелдік ЖОО-дан шақырылған оқытушыларға, студенттерге жыл сайын тегін тілдік бағдарлама ұйымдастырылатындығын хабарлады. «Кезекті екі апталық курс тамызда өтеді, егер сіздер студенттеріңізді жіберсеңіздер бұл біздің әріптестігіміздің жақсы бастамасы», - деді ол.
Кездесуде сондай-ақ, ғылыми-техникалық білім беру үдерісі, техникалық мамандықтар, энергетика және басқа да бағыттар бойынша маман даярлаудағы болашақ жоспарлар қаралды.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі