- Басты бет
- Жаңалықтар
- ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «ХХІ ғасырдағы орнықты дамудың жаһандық энергоэкологиялық стратегиясы» («Глобальная энергоэкологическая стратегия устойчивого развития в XXI веке») атты жаңа кітабының тұсаукесер рәсімі өтті
ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «ХХІ ғасырдағы орнықты дамудың жаһандық энергоэкологиялық стратегиясы» («Глобальная энергоэкологическая стратегия устойчивого развития в XXI веке») атты жаңа кітабының тұсаукесер рәсімі өтті
2 шілде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «ХХІ ғасырдағы орнықты дамудың жаһандық энергоэкологиялық стратегиясы» («Глобальная энергоэкологическая стратегия устойчивого развития в XXI веке») атты жаңа кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.
Н.Назарбаевтың кітабында қазіргі заманғы жаһандану үдерісіндегі энергоэкологиялық мәселелерді шешу жолдары қарастырылған.
Басылымның алғы сөзінде «Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кітабы – оның бұған дейінгі жарық көрген «Жаһандық қоғамдастықты түбегейлі жаңартудың стратегиясы және өркениетті әріптестік» атты еңбегіндегі дүние жүзі мен ЕурАзЭҚ елдерінің жаһандық энергетикалық және экологиялық қауіпсіздігін дамыту мәселелерін теориялық әрі методологиялық зерттеу циклының қорытындысы болып табылады» деп жазылған.
Кітаптың кіріспесінде «Қазір әлем дүниежүзілік энергетикалық қауіпсіздікке төнген жаңа қауіппен бетпе-бет келіп отыр. Алдағы уақытта әлемді тығырыққа тірейтін жаңа оқиғаларды туындатуы мүмкін шикізат қоры үшін күрес күшейе түседі», - деген Н.Назарбаев, - «Тек энергияны теңгерімді пайдаланудың бірлескен жолын даярлағанда ғана әлемдік қауымдастық жаһандық экологиялық қауіпсіздік негізін құра алады» дегенді баса айтады.
Қазақстан Президенті монографиядағы айтылған идеялармен таныстыра отырып «Бұл кітапта жаңа энергетика ұйымы мен экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің «экономика–энергетика–экология» тепе-теңдігіндегі сәйкессіздікті төмендету мүмкіндігі көрсетілген. Осыған орай, Қазақстан және ЕурАзЭҚ-тың өзге елдері бұл сценарийдің жүзеге асуын көрсете алады», - дейді.
Кітаптың тұсаукесеріне ҚР Білім және ғылым вице-министрі Мұрат Орынханов, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректоры Ғалымқайыр Мұтанов, Қазақстан ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының вице-президенті, “Парасат” ұлттық ғылыми-техникалық холдингі” АҚ-ы басқарма төрағасы Нұралы Бектұрғанов, қоғам қайраткерлері, ЖОО мен шығармашылық және ғылыми зиялы қауым өкілдері қатысты.
Сонымен қатар, шараға ресейлік ғалымдар – Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының президенті Олег Кузнецов, ЕурАзЭҚ интеграциялық мәселелері стратегиялық зерттеу Институтының директоры, РЖҒА академигі Анатолий Спицын, РЖҒА академигі Николай Гаранькин қатысып, кітап тұсаукесеріне арнайы даярланған баяндамаларын оқыды.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі