200 студент әскери ант қабылдады

5 шілде, 2011

3 шілде күні әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеттің әскери дайындықтың толық курсын өткен 200 студент әскери ант қабылды.

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеттің әскери кафедрасы 1934 жылы Қызыл Әскер құрамына кіретін әскери резерв дайындау мақсатында құрылды. Қазіргі уақытта әскери кафедрада мотоатқыштар әскери және әуе қорғаныс әскери мамандықтарын дайындайды, әскери дайындықты тәжірибелі оқытушылар ұйымдастырып жүргізеді. Әскери ант қабылдау салтанатына университет басшылығы, Ұлы Отан соғысы ардагерлері, Қарулы Күш ардагерлері, студенттердің ата-аналары мен қоғам мүшелерінің өкілдері қатысты. Салтанатты рәсімде әскери кафедра меңгерушісі Олег Степаненко бұл шараның әрбір ант қабылдаушы студент үшін маңызды екеніне тоқталып, ҚР Тәуелсіздігінің 20-жылдығы қарсаңына сай өтіп жатқандығын айтты. Басшылық атынан әскери ант қабылдаған студенттерді бірінші проректор Мұхамбетқали Бүркітбаев құттықтады. Сонымен қатар, студенттер мен ата-аналары үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің орталық ансамблінің солистері мен әскери кафедра студенттері мен оқытушыларының қатысуымен концерт болды. Осы орайда, әскери кафедраның техникасы мен құралдарының көрмесі өткізілді.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі