«Ұлы Жібек жолы мен Қазақстан керуен жолдарының урбанизация процесіндегі маңызы» атты халықаралық семинар

24 мамыр, 2021

2021 жылдың 20 мамырында Тараз қаласы, Шерхан Мұртаза атындағы "Руханият және тарихтану" орталығында әл-Фараби Қазақ Ұлттық университеті, археология, этнология және музеология кафедрасы және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейімен бірлесе отырып, археолог, тарих ғылымдарының докторы, профессор Мадияр Елеуұлы Елеуовтың 75 жылдық мерейтойына арналған «Ұлы Жібек жолы мен Қазақстан керуен жолдарының урбанизация процесіндегі маңызы» атты халықаралық семинар ұйымдастырылды. Семинарға Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Дәулет Кәрібек, Жамбыл облыстық мәдениет басқарма басшысы Ерлан Жүнісбай, Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі директоры Рысбек Сейітжан, «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі директоры Нұрлан Бықыбаев, сонымен қатар Шерхан Мұртаза атындағы "Руханият және тарихтану" ғылыми-зерттеу орталығы басшысы Сауран Қалиев, факультет деканы Мендігүл Ноғайбаева және археология, этнология және музеология кафедрасының меңгерушісі Жұматаев Ринат қатысып, құттықтау тілектерін жолдады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті ректоры Ж.Қ. Түймебаев атынан құттықтау адресаты мен "Ерең еңбегі үшін" медалін факультет деканы Мендігүл Сағатқызы табыстады. Л.Н. Гумилев атындағы Евразия Ұлттық университеті ректоры Е.Б. Сыдықов "Күлтегін" медалімен марапаттады.

Жамбыл облысы әкімі атынан "құрмет" грамотасын Дәулет Кәрібек, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Серік Ахмет атынан құттықтау адресаты, ҚР Парламент Сенатының депутаты Н. Жүсіп, Халықаралық түрік академиясының президенті Дархан Қыдырәлі құттықтау жеделхаттарын жолдады.

Онлайн форматта бірнеше құттықтау, естеліктер айтылып, семинар жоғары деңгейде өтті.