
14.12.2020 ж. сағат 18.30-да "Бизнес-технологиялар" кафедрасының меңгерушісі, э.ғ. к., доцент З. Б Ахметова, аға оқытушылар Н. М. Тұрлыбекова, А. Б. Аликбаева және докторант М. Белгожақызы EY (Эрнст энд Янг) компаниясының маркетологы Дана Геройханқызының қатысуымен "Жас маркетологтың дағдылары"тақырыбында мастер-класс ұйымдастырды. іс-шара Маркетинг мамандықтарының студенттері үшін ғана емес, сонымен қатар мансап жолын бастаған және жұмыс іздейтіндер үшін де пайдалы болды. Мастер-класс жаңа бастаған қызметкерлер үшін жұмыста іскерлік қарым-қатынас орнату және іскери хаттар жазу бойынша көптеген пайдалы кеңестер берді. Сондай-ақ, мастер-класс дәріскері бизнесті жүргізу саласындағы практикада бағдарламалық қамтамасыз етуді меңгеру бойынша көптеген кеңестер берді. Мастер-класс студенттерге теориялық білімдерін бекітуге және тереңдетуге ғана емес, сонымен қатар іскерлік қарым-қатынастарды орнату саласында практикалық дағдыларды игеруге көмектесті.
Басқа жаңалықтар


