Қабылдау комиссиясының жұмысы қаралды
11 шілде күні кезекті ректорат мәжілісі өтті. Қаралған басты тақырыптардың бірі қабылдау комиссиясының бүгінге дейінгі жұмыс барысы. Қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы М. Ауғанның есебі тыңдалды. 2010-2011 жылдардағы бакалавриат, магистратура және докторантураға тапсырушылар саны салыстырмалы түрде қаралып, «Алтын белгі», ҚазҰУ тарапынан жасалып отырған жеңілдіктермен тапсырып үлгерген абитуриенттердің жалпы саны көрсетілді.
Екінші мәселе университеттің оқытушы-профессорлар құрамының рейтингтік қорытындылары жөнінде бірінші проректор М.Бүркітбаевтың ақпары қаралды, онда оқытушы-профессорлар алғашқы ТОР-100 және ТОР 101-357, ТОР 301-567 деп бөліп көрсеткен. Сондай-ақ, әр факультет пен кафедраға жекелей тоқталып, олардың да рейтингтік көрсеткішкері келтірілді. Бұл көрсеткіш ҚазҰУ қызметкерлерінің алдағы уақытта өз жұмысын жақсартуға ұмтылыс беріп, әр оқытушы өзінің факультеті мен кафедрасының жұмысын жақсарту мақсатында ерінбей еңбекк етуге атсалысатыны белгілі.
Және осы мәжілісте ғылыми және инновациялық жұмыс жөніндегі проректор Т. Рамазанов индустрия және жаңа технологиялар министрлігі инновациялық жобалар байқауын жариялайтындығы туралы мәлімдеме жасап, оған керекті құжаттар мен байқаудың талап-шарттарымен толық таныстырды.
Мәжіліс соңында ҚазҰУ ректоры ең үздік деп танылған оқытушы-профессорларды құттықтап, «зерттеу университеті, оның кафедралары қандай болу керектігі нақтыланды, біз кафедралармен жұмысты жақсарта түсіп, зерттеу жұмыстарын жүргізіп әрі оқыту барысында пайдаланылатын керек құрал жабдықтармен қамтамасыз ететін боламыз», - деді ҚазҰУ ректоры.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі