Гринкампус бағыты бойынша: «Жасыл химия нені көздейді?» атты пікір-сайыс
Іс-шараның негізгі мақсаты студенттерге Жасыл химияның қарастыратын мәселелерін және Жасыл химия негізіндегі атқарылатын жобалардың адамзатқа, қоршаған ортаға пайдасын түсіндіру болатын.
Студенттер арасында Жасыл химияның артықшылығы мен кемшілігі жайында пікірталас туындап, студенттер өз ой-пікірлерін еркін жеткізе білді. Факультетіміздің студенттері Бейбіт Дәулет, Кустубаев Нуркен, Айтуған Рахымжан және Ақан Ақжол ерекше белсенділік танытып, Жасыл химия негізінде жаһандық проблемаларды шешуде өз көзқарастарымен бөлісе отыра қызықты пікірталас тудырды.
Педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының профессоры Булатбаева Айгуль Абдимажитовна іс-шараның жоғары деңгейде өткенін айтып, оң бағасын берді.
Іс-шараға қатысушылар ұйымдастырылған іс-шарадан пайдалы мағлұмат, жақсы әсер алды. Студенттер тарапынан осындай іс шаралар жиі өтуіне үлкен сұраныс және қызығушылық туындады.