- Басты бет
- Жаңалықтар
- Көпсалалаы жоғары оқу орындары арасында 2011 жылдың рейтингісінде ҚазҰУ бірінші орында
Көпсалалаы жоғары оқу орындары арасында 2011 жылдың рейтингісінде ҚазҰУ бірінші орында
Бiлiм берудегі сапамен қамтамасыз ету қазақстандық тәуелсіз агенттігі республикалық жалпыұлттық «Казахстанская правда» газетінде (№220-221, 15.07.2011ж.) 2011 жылдағы ең үздік жоғарғы оқу орындарының тізімін жариялады. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «көпсалалы жоғарғы оқу орны» тізімінде бірінші орынға ие болды. Агенттіктің ғылыми жетекшісі Шолпан Қаланова, бұл рейтингтің академиялық көрсеткіштер мен мамандар мен жұмыс берушілерге жүргізілген сауалнама негізінде жасалғандығын айтты.
Осы жылы өз мәлiметтерiн көрсеткен ЖОО-дар саны едәуiр кеңейді. «Егер 2010 жылы тек 67 ЖОО өз мәлiметтерiн дайынса, бiз өзге мәлiметтi ҚР БжҒМ алдық, ал биыл 84 ЖОО мәлімет ұсынд, сондай-ақ агенттік өз зерттеуімен 134 азаматтық ЖОО қамтыды,- деп хабарлады.
Рейтингтiң нәтижелерi агенттікте құрылған құрамында ҚР Парламент депутаттары кіретін рейтинг бойынша мамандар, білім және ғылым министрлігі, қоғамдық ұйымдар бар кеңесте, қаралып, бекітілді. 62 ЖОО көрсетілген. Бірінші проректор Мұхамбетқали Бүркітбаевтің пікірінше, «рейтинг – бұл университеттердің басқаруы мен мүмкіндіктерін, бәсекеге қабілеттілік жағдайын өлшейтін мықты құрал». Университеттің рейтингке қатысуы да маңызды. Оған басшылық тарапынан да көп көңіл бөлінеді. Осы орайда, ҚазҰУ-да 7-8 шілде аралығында «Қазақстандық жоғары оқу орындарының интернационализациялануы және университеттердің халықаралық рейтингі» атты Халықаралық семинары өтті. Бұл шараға білім және ғылым вице-министрі Мұрат Орынханов, профессор Ян Садлак, QS зерттеу орталығының басшысы - Бен Соутер, Британдық кеңес, Қазақстандағы Темпус ұлттық кеңсесінің өкілдері жіне 25 жоғары оқу орынының өкілдері де болды. Бас мақсаты бiлiмнiң интернационализациясының дүниежүзілiк тәжiрибе алмасу, мамандықты жетiлдiру және халықаралық байланыстардың төңiректерiдегi мамандықтардың кәсiби әзiрлiгiн нығайту болып табылды. Семинарда Қазақстан және ТМД елдерінің халықаралық рейтингтердегi орны және мәселелерге және рейтингтерге араласудағы перспективаларға көңіл бөлінді. Семинардың тақырыбы университеттiң нақтылы рейтинг мәртебесiндегі әдiстемелiк, ғылыми, технологиялық, кадрлық және ұйымдастыру сұрақтарын қамтыды.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі