29 мамыр - ҚазҰУ Түлектері күніFarabi University

29 мамыр - ҚазҰУ Түлектері күні

27 мамыр, 2021

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлектері игі дәстүр бойынша мамыр айының соңғы сенбісінде өздері түлеп ұшқан қара шаңырақта бас қосады. 29 мамырда өтетін биылғы жылғы Түлектер күні еліміздің басты оқиғасы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналып отыр.

Еліміздегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты факультеттерде әр жылғы буын өкілдерімен онлайн-кездесулер ұйымдастырылады. 

«Мәңгілік Ел» салтанатты қақпасынан бастау алатын жалпыуниверситеттік мереке аясында құрметті қонақтар Әл-Фараби кітапханасындағы Фараби, Елбасы, Абай, Алаш залдарын аралайтын болады.

Кездесудің негізгі шарасы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Алматы қаласындағы мүшелерінің қатысуымен өтетін ҚазҰУ Түлектер қауымдастығы Президиумының салтанатты отырысы болмақ. Төралқа отырысының модераторы – ҚР Конституциялық Кеңесінің төрағасы, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Түлектер қауымдастығының президенті Қайрат Әбдіразақұлы Мәми. Оның барысында даңқты шәкірттер «Аса көрнекті түлек» алтын медалімен марапатталып, үздік студенттерге шәкіртақылар табысталады.

 

Өтетін күні мен уақыты: 2021 жыл 29 мамыр,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың салтанат қақпасы алаңы – сағ.10:30  

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі