
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Фараби әлемі» атты студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми конференциясы өтті. Жыл сайын ұйымдастырылатын еліміздегі ең ірі ғылыми форумға алыс-жақын шетелдерден 6 мыңнан астам жас ізденімпаздар онлайн қатысты.
ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасында 2 секция бойынша жас ғалымдардың жұмыстары сайысқа түсті. Әр секция бойынша лайықты жұмыстарға жүлделі орындар берілді.