ҚазҰУ ректоры брифинг өткізеді Farabi University

ҚазҰУ ректоры брифинг өткізеді

2 маусым, 2021

2 мамыр күні сағ 16.00-де Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректоры Ж.Қ.Түймебаев Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында онлайн режимде брифинг өткізеді.

Кездесуде көпшілік назарына жетекші университеттің 2020-2022 жылдардағы басты нәтижелері мен жетістіктері және алдағы даму жоспары ұсынылмақ.

Сондай-ақ 7 бөлімнен тұратын баяндама барысында оқу орнының қаржылық-шаруашылық қызметі, оқу жұмыстарының барысы және т.б. мәселелер толық қамтылып, университет басшысы көпшілік көкейіндегі сұрақтарға жауап беретін болады.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі