Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының “Социолингвистика, аударма теориясы және практикасы” зертханасы КАЗПРЯЛ және "Альтаир" Балалар кітабы академиясының, "Дәуір және тұлға" ғылыми-ағартушылық жобасының қолдауымен 2021 жылдың 2 маусымында көрнекті түрколог, филология ғылымдарының докторы, профессор Аманжолов Алтай Сәрсенұлына арналған «Көне қолжазбалардың үнсіздігі» атты дөңгелек үстел өткізілді.
Алтай Сәрсенұлы Аманжолов 1934 жылы 2 маусымда Алматы қаласында дүниеге келген. 1957 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін (ММУ жанындағы Шығыс тілдері институты) "Түркі филологиясы" мамандығы бойынша бітіріп, сол жерде аспирантурадан өтіп, 1963 жылы "Көне түркі жазба ескерткіштері тіліндегі етістікті басқару" тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 1975 жылы "Көне түркі жазбалары" атты тақырыпта докторлық диссертация қорғады.
А.С. Аманжолов – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жетекші профессорларының бірі, 1979-1995 жылдары жалпы тіл білімі кафедрасының меңгерушісі болды.
А.С. Аманжолов – ірі тілтанушы-түркітанушы, түркі филологиясы мен тіл білімі бойынша екі жүзден астам еңбегі, оның ішінде қазақ және орыс тілдерінде 7 монографиясы, ағылшын және түрік тілдерінде жиырмадан астам жарияланымдары бар. Халықаралық ғылыми конференцияларда баяндама жасап, үш ғылым докторы мен 18 ғылым кандидатын дайындады. 1978 жылдан профессор, 1995 жылдан Қазақстанның гуманитарлық ғылымдар Академиясының толық мүшесі (академик), 2009 жылдан Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
Қазақ тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамының құрметті мүшесі, ежелгі жазба және фольклор секциясының төрағасы (1976-1988), ол өзінің ғылыми және педагогикалық жұмысын мәдениет ескерткіштерін насихаттау жөніндегі қоғамдық қызметпен табысты үйлестіреді.