әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Экономика және бизнес жоғары мектебінде «Университеттік білім берудің заманауи трендтері мен сын-тегеуріндері» тақырыбында офлайн және онлайн сессия өтті.

22 маусым, 2021

2021 жылдың 21-маусымында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Экономика және бизнес жоғары мектебінде «Университеттік білім берудің заманауи трендтері мен сын-тегеуріндері» тақырыбында факультеттің қызметкерлерімен және профессорлық-оқытушылық құрамымен офлайн және онлайн сессия өтті, баяндама жасаған спикерлер кәсіби дағдыларды дамыту тәжірибесімен, сондай-ақ ҚР дамуының стратегиялық басымдықтарын ескере отырып, білім беру үдерісін ұйымдастырудың жаңа трендтерін көру және білім беру бағдарламаларын әзірлеу бойынша тәсілдемелерді жаңғыртумен бөлісті.

ЭжБЖМ "Менеджмент" кафедрасынан спикер аға оқытушы А.А. Аскеров «Кафедраның оқу процесінде цифрлық технологияларды қолдану тәжірибесі» тақырыбында баяндама жасады.

Спикер қашықтықтан оқытуды жүргізу үшін жаңа тегін онлайн платформаларды пайдалану тәжірибесімен бөлісті, сондай-ақ бірнеше бағдарламаның практикалық қолданылуын көрсетті.