Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының зоология пәнінің оқытушысы және докторанты, әрі Зоология институтының кіші ғылыми қызметкері Назерке Бижанова ИЫҰ (Ислам Ынтымақтастығы Ұйымы) 4-ші Атқарушы Модельді конференциясына қатысты. ИЫҰ моделі лекциялар мен семинарларды, халықаралық симуляциялық конференцияны қамтыды және ресми жабылу рәсімімен аяқталды.
«Аймақтық даму мен қауіпсіздікке қол жеткізу үшін халықаралық ынтымақтастықтың маңыздылығы» тақырыбында өткен ИЫҰ 4-ші Атқарушы моделінің 5 күндік халықаралық симуляциялық конференциясына 30-дан астам елден 100-ден астам жас өкілдер қатысты. Әзербайжандағы ИЫҰ-ға мүше елдерден – Палестина, Пәкістан, Қазақстан, Марокко және Алжирдің елшілері, сондай-ақ ICYF Еуразиялық аймақтық орталығының (ICYF-ERC) бас директоры Эльмаддин Мехдиев мырза және Әзірбайжан Республикасының спорт саласы және жастар министрлігінің министр орынбасары Фархад Гаджиев мырза және басқа да көптеген халықаралық ғалымдар жобаның онлайн-дәрістері мен конференцияларына қатысып, ұлттық даму, халықаралық ынтымақтастық, тұрақты даму және экологиялық проблемалар сияқты маңызды мәселелерді талқылады. Дәрістер барысында Қазақстанның Әзербайжандағы Елшісі Сержан Әбдікәрімов мырза Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығы туралы айтты, біздің жылдар бойғы күш-жігеріміз туралы және біз қаншалықты алға жылжығанымызды, бүгінгі күнде прогресс пен орнықты даму дәуіріне елімізді айналдырғанымыз туралы сөйледі.
Жобаны ICYF-ERC Әзірбайжан Республикасы Жастар және спорт министрлігімен (https://icyf-erc.org/, https://www.facebook.com/icyferc/ және www.mys.gov.az) серіктестікте ұйымдастырды.
Назерке Бижанова және тағы бірнеше қатысушылар жобадағы белсенділіктері мен үздік көрсеткіштері үшін марапатталды.
ҚазҰУ-дың Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы және Биология және биотехнология факультеті әл-Фараби Назерке Бижанованы құттықтайды және болашақта жаңа табыстар тілейді!
Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы