«Көмек» коррекциялық мектептердегі жеткіншектерге қолдау танытуды көздейді

11 тамыз, 2011

Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде коррекциялық мектептерде тәрбиеленетін балалардың жағдайын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті. Жиынға мектеп – интернаттардың өкілдері, Алматы қаласының жастар ұйымдары, «Бота» өкілдері, әлеуметтанушылар қатысты.

Бас қосуда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Көмек» студенттік волонтерлық ұйымының жұмысы таныстырылып, коррекциялық мектептерде оқитын балалардың жағдайы айтылды.

«Бота» грантының көмегімен «Көмек» студенттік волонтерлық ұйымы 4 коррекциялық мектеп – интернаттарына зерттеу жүргізген. Зерттеуден кейін ұйым мүшелері кездескен мәселелерді бірігіп шешуге, еріктілер қозғалысын дамытуға шақырды.

Дөңгелек үстелде коррекциялық мектепте оқитын оқушы дегеніміз кім және олар өзін қоғамның құқылы мүшесі екендігін сезіну үшін қандай қолдаулар керектігі кеңінен айтылды.

ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі