ҚҰЖАТТАР ОФЛАЙН ҚАБЫЛДАНАДЫ

18 тамыз, 2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бакалавр білім беру бағдарламасы бойынша грантқа түскен талапкерлердің құжаттарын офлайн форматта «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығында 25-тамызға дейін қабылдайды.

Қажетті құжаттар тізімі:

✅ Аттестат/диплом + қосымшалары (түпнұсқасы)

✅ Жеке куәлігі

✅ ҰБТ сертификаты

✅ Жеңілдіктерді және квотаны дәлелдейтін анықтамалары

✅ Фото 3×4: 6 дана

✅063/у нысандағы медициналық анықтама

✅ 0/75у нысандағы медициналық анықтама

🎯Егер, 0 75/у формадағы медициналық анықтамада психо-нарко есепте тұрмайтындығы туралы нақты анықтама болмаған жағдайда, Egov.kz сайтынан жүктей аласыздар!

Қабылдау комиссиясының байланыс телефоны: 87273773330, ішкі 1000 (call center)

Жұмыс уақыты: 09:00-18:00. Түскі үзіліс: 13:00-14:00

Ескерту: Ashyq қосымшасын жүктеп алуды ұмытпаңыздар!

* Басқа ЖОО-дан тапсырған педагогикалық мамандықтардың психотест нәтижесі болу міндетті

* Ақылы түрде тапсыратын жағдайда шығармашылық мамандықтардың емтихан нәтижесінің хаттамасынан үзінді болуы міндетті

Толық ақпараттармен welcome.kaznu.kz сайтынан және инстаграм (@kaznu_talapker), телеграм (Kaznu_Talapker), фейзбук (Kaznu Talapker), тик-ток (Kaznu talapker) желілеріндегі арнайы парақшалардан таныса аласыздар.