COVID -ге қарсы вакцинация

19 тамыз, 2021

                     Құрметті Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ білім алушылары!*

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2021-2022 оқу жылында барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, дәстүрлі білім беру жүйесі қамтамасыз етіледі.

Карантиндік талап күшейген жағдайда және Денсаулық сақтау Министрлігінің шешіміне қарай онлайн оқытуға көшіру жоспары да қарастырылады.

1-қыркүйекке дейін 18 жастан асқан барлық білім алушылардың вакцинациядан өтуін ұсынамыз.

Барлықтарыңызға денсаулық тілейміз және дәстүрлі оқытуды қайта қалпына келтіру кезеңінде Сіздің түсіністігіңізбен қолдауыңызға сенім артамыз!

Басқа жаңалықтар