ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНА ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ МЕРЗІМІ 28 ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҰЗАРТЫЛДЫ

24 тамыз, 2021

Жоғары оқу орындарына құжаттарды қабылдау мерзімі 28 тамызға дейін ұзартылды. Мұндай шешімді ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті қабылдады.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ЖОО-ға қабылдау үшін құжаттарды 25 тамызға дейін тапсыру қажет болатын.

Айта кетейік, білім гранты иегерлерінің өтінімдері eGov.kz. электрондық үкімет порталы арқылы қабылданып жатыр.

Ақылы негізде оқу үшін жоғары оқу орындарының виртуалдық қабылдау комиссияларына жүгіну қажет. Олардың тізімі ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының сайтында орналастырылған.

@bilim_jane_gylym