РЕКТОР ҒАЛЫМДАРДЫ МАРАПАТТАДЫ

24 тамыз, 2021

Еліміз бен университетіміздегі ғылымның дамуына елеулі үлес қосқандары үшін ҚазҰУ-дың жас ғалымдары – химия және химиялық технология факультеті Жалпы және бейорганикалық химия кафедрасының профессоры Б.Уралбеков, механика-математика факультеті Математика кафедрасының доценті, ф-м.ғ.к. Х. Хомпыш, механика-математика факультеті Математикалық және компьютерлік пішіндеу кафедрасының профессоры, PhD А.А. Исахов, химия және химиялық технология факультеті Органикалық заттар химиясы және технологиясы, табиғи қоспалар мен полимерлер кафедрасының аға оқытушысы, х.ғ.к. Г.Қайралапова, физика-технологиялық факультеті Қатты дене физикасы және бейсызық физика кафедрасының аға оқытушысы, PhD М.Ибраимов «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» КеАҚ Басқарма төрағасы – Ректоры Жансейіт Қансейітұлы Түймебаевтың атынан Алғыс хат және 100 мың теңге көлемінде сыйақымен марапатталды.

Бүгінгі күні жас ғалымдарды ғылыми зерттеу бастамаларына ынталандыру негізінде елімізде іске асырылып жатқан 2020-2021 және 2021-2023 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру бойынша Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми зерттеулер саны мен сапасы бойынша еліміздегі оқу орындарының арасында көш бастап келеді.

Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы ғылыми-зерттеу комиссиясы анықтаған ғылымды дамытудың 10 басым бағытының ішінде ҚазҰУ жас ғалымдарының жобалары экономиканың нақты секторларына енгізу үшін перспективті деп танылды.

 

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз қызметі