- Басты бет
- Жаңалықтар
- 22 тамызда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да шет тілін үйретудің мобильдік оқытуын енгізуге байланысты Халықаралық семинар өз жұмысын бастайды
22 тамызда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да шет тілін үйретудің мобильдік оқытуын енгізуге байланысты Халықаралық семинар өз жұмысын бастайды
Семинар Қазақстандағы «Nokia» компаниясының қаржылай қолдауымен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, электронды оқытуды дамыту қоғамдық білім қоры (Қазақстан) ұйымдастырылып отыр. Семинардың ашылуы сағат 9.00-де Экономика және бизнес жоғары мектебінің 201 аудиториясында өтеді.
Семинар жұмысына әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дағы шет тілдері пәнінің оқытушылары және қазақстандық басқа да жоғары оқу орындарының мамандары, халықаралық сарапшылар мен лекторлар қатысады. Семинарда «So To Speak AB» Халықаралық компаниясының директоры, ағылшын тілін оқытудың әдістемесінің авторы, полиглот, аудиокурстардың және шет тілін оқытудың авторы, еңбегі интернет желісінде компакт-дисктермен таратылған маман Карл-Сверре Хофсо баяндама оқиды.
Сондай-ақ семинарға электронды оқытуды дамыту ҚБҚ Қамқоршылар кеңесінің төрағасы, мультиплатформалар құрастырушысы, тіл курстарын оұялы телефондармен оқытумен қамтамасыз еткен Фуад Джаззар да қатысады.
Семинар 27 тамызға дейін жалғасады..
Хофсо әдісі – жалпы дәстүрлі сипатты қажет етпей-ақ шет тілін тез әрі тиімді оқыту түрі. Оқыту барлық сөйлемді тілдік дыбыстап үйретумен, есте сақтаумен үйретіледі.
«So To Speak» – Халықаралық компаниясы (Швеция), шет тілін (ағылшын, француз, норвегия, швед, поляк, орыс, украин, қазақ және т.б. тілдері) үйретуде ұялы үлестірмелі материалдарға ие.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі