Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі ғылыми-зерттеу жұмысы

6 қазан, 2021

01 қазанда Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е.Ж. Бабақұмаровтың төрағалығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі қалалық комиссияның төртінші отырысы өтті, оның жетекшісі заң ғылымдарының докторы Забих Шолпан Арапбайқызы (әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ті Заң факультетінің Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасы) болып табылады.


On-line режимінде өткен бұл отырыстың жұмысына көрнекті қазақстандық ғалымдар, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі қалалық комиссияның және "Рухани жаңғыру "жобалық кеңсесі" КММ мүшелері қатысты.

Отырыс барысында топтардың зерттеу жұмыстарының барысы және ғалымдардың жұмысын ұйымдастырудың, мұрағаттардан қажетті құжаттарды алудың, ғылыми жинақтарды, ғылыми-зерттеу іссапарларын дайындаудың ағымдағы мәселелері қаралды.

Ш.А.Забих саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау бойынша зерттеу жұмысы туралы баяндама жасады. Өткен ғасырдың 20-30 жылдары Қазақстан аумағында болған ірі көтерілістерге қатысушыларды анықтау бойынша алдын ала нәтижелер туралы баяндады. Сондай-ақ, ол анықталған жаңа есімдерді атап өтті, олар саяси және құқықтық оңалту мәселесі бойынша қаралады.

 

Азаматтық құқық және азаматтық процесс, еңбек құқығы кафедрасы