18 қазан күні әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультетінің 17- ші жатақханасында қазақ тіл білімі кафедрасының ұйымдастыруымен «Сбербанк» АҚ ЕБ қаржы маманы, интернет эквайринг департаментінің басшысы Абитжанов Орынбасар Алтынбекұлы және қаржы жоба жетекшісі Солтанбаева Алиямен Бекмырзақызымен «Қаржылық сауаттылық» тақырыбында студенттермен кездесу өтті.
Қонақтар қаржыны табысты жинауды, оны сауатты жоспарлауды, шығындарды тиімді жарату жолдары және банк өнімдері мәліметтері жөнінде сөз қозғады. Қаржылық сауаттылық аясында депозит, жер және үй алу мәселелері айтылып, банк қызметтерін тиімді пайдалану ерекшеліктері көрсетілді. Кездесуге қазақ тіл білімі кафедрасының аға тәлімгері, ф.ғ.к. Дәрменқұлова Рая Нұрсұлтанқызы қатысып, өз ойымен бөлісті. Студенттер қонақтарға сұрақ қойып, белсенділік танытты. Кездесуді ұйымдастырған: қазақ филологиясы мамандығы 101-топтың кураторы Жанар Алтынбекқызы Абитжанова.