2021 жылдың 2 және 3 қыркүйегінде Жылуфизика және техникалық физика кафедрасы онлайн форматта ZOOM бағдарламасы арқылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттеріне көшбасшылық дәріс өткізілді.

25 қазан, 2021

Дәріс Білім күніне арналды. Дәріскерлер - ф-м.ғ.к., доцент Исатаев Мұхтар Советович пен т.ғ.к., аға оқытушысы Манатбаев Рүстем Кусаингазиевич.

Іс-шараның негізгі мақсаты цифрландыру және әлеуметтік десанттау жағдайында жастардың көшбасшылық қасиеттерін және қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу болды. Мұндай іс-шараларды өткізу студенттердің құқықтық және саяси мәдениетін қалыптастыруға, адамгершілік қасиеттерін тәрбиелеуге ықпал етеді. Дәріс адамға бәсекеге қабілетті болу үшін қажетті кәсіби өсу, көшбасшылық қасиеттер туралы сұрақтарды қамтыды.