«География: ғылым және білім» халықаралық ғылыми тәжірибелік конференциясы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың география факультетінде физикалық география және геоэкология кафедрасының 60 жылдығына орай «География: ғылым және білім» атты халықаралық ғылыми тәжірибелік конференциясы өтті.
Бірінші пленарлық жиында ҚазҰУ-дың бірінші проректоры, академик, х.ғ. д., профессор З.А. Мансұров сөз сөйледі. "География факультетінің Қазақстан география ғылымын дамытудағы рөлі" тақырыбында факультет деканы, г.ғ.д., профессор Ш.М. Надыров баяндама жасады.
Конференция аясында ҚР бюджетті жоспарлау және Экономика Министрлігі мен КазҰУ- дың география факультеті және АҚ «Экономикалық зерттеулер Институты» арасындағы бірлестік келісім негізінде жарыққа шыққан «2030 жылға дейін Қазақстан республикасы халқының кеңістіктегі орналасуы мен аймақтық ұйымдасуы» атты 3 томдық кітаптың тұсау кесері болды.
Сонымен қатар "Орта Азия елдеріндегі мемлекет аралық су бөлу мәселелері" атты дөңгелек үстел өтті.
Жақында география факультеті үш тілде қазақстандық, таяу және алыс елдерінің ғалымдары жасаған баяндамалар жинағын шығармақшы.
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың баспасөз қызметі