«Жасанды интеллект және Big Data» кафедрасының меңгерушісі М.Е.Мансурова халықаралық AICT 2021 конференциясына қатысты

3 қараша, 2021

2021 жылдың 14-15 қазанында AICT 2021 ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша IEEE 15- Халықаралық конференциясы өтті.

AICT 2021 Халықаралық конференциясы – ақпараттық технологиялар мен жаңа буын қызметтеріне қатысты инновациялық идеялар мен әртүрлі тақырыптарды талқылау үшін іскер адамдарды, зерттеушілерді, ғалымдарды, бағдарламалық қамтамасыз ету сәулетшілері мен сала мамандарын біріктіретін форум. Бұл форумды қолдана отырып, зерттеушілер мен тәжірибешілер проблемалар мен бизнесмодельдер және жаңа технологияларға негізделген шешімдер туралы өз көзқарастарымен бөлісе алады.

Конференцияға «Жасанды интеллект және Big Data» кафедрасының меңгерушісі М.Е.Мансурова, кафедра оқытушылары мен студенттері қатысты. Бөлім: BIG DATA ENGINEERING. Баяндама тақырыбы: «Design and Development of Student Digital Health Profile» (Студенттердің цифрлық денсаулық профилін құру және дамыту).