Профессор У. А. Төкеевтің мерейтойына арналған Халықаралық ғылыми конференция өтті

3 қараша, 2021

8.10.2021жылы профессор У. А. Төкеевтің 75 жылдық мерейтойына арналған ақпараттық технологиялар саласындағы Халықаралық ғылыми конференция өтті. Конференцияға ақпараттық технологиялар факультетінің деканы Б.А. Урмашев, оқытушылар мен студенттер қатысты. Сонымен қатар конференцияда «Жасанды интеллект және Big Data» кафедрасының оқытушылары баяндама жасады. Кафедра меңгерушісі Мансұрова Мадина Есімханқызы пленарлық мәжілісте баяндама жасады. Баяндама тақырыбы: «Применение искусственного интеллекта в обработке казахского языка».

Секциялар бойынша баяндамаға кафедра оқытушыларынан:

1.Мансұрова М. Е., Төлепбердинова Г.А., Сүлеймен О.Д. Баяндама тақырыбы: «ЖAСӨСПІРІМДЕРДІҢ ДЕНСАУЛЫҚ ЖАҒДAЙЫН БАҒAЛАУ МАҚСАТЫНДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН АҚПАРАТТЫҚ АНАЛИТИКАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРДІ ТАЛДАУ».

2.Нұржанов Ч.А., Найзабаева Л.К., Мазаков Т.Ж. Баяндама тақырыбы: «ЭКОИНФОРМАТИКА АЙМАҒЫНДАҒЫ ҮЛКЕН ДЕРЕКТЕР (ШОЛУ)».

3. Омаров А., Белгібаев Б., Гриф М., Әбенов Б.Қ. Баяндама тақырыбы: «АҚЫЛДЫ ЖЫЛЫЖАЙ» ЖАҒДАЙЛЫҚ САРАПТАМА ЖҮЙЕСІ».

4. Мұхаев Д.К., Байырбекова Г.С., Мазакова А.Т., Әлиасқар М.С. Баяндама тақырыбы: «АҚПАРАТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК БҰЗЫЛУЫНЫҢ ҚАУІПТЕРІ МЕН ОСАЛДАНУЫН АНЫҚТАУ».

Қатысушылар белсене араласып, пікір алысты.