«Жасанды интеллект және Big Data» кафедрасының меңгерушісі Мансұрова М.Е. халықаралық маркшейдерлік форумына қатысты

3 қараша, 2021

8 қазан 2021 ж Қазақстандық маркшейдерлер одағының құрылғанына 10 жыл толуына арналған «Геомеханика, маркшейдерия және геодезиядағы сандық технологиялар» халықаралық маркшейдерлер онлайн форумы өтті.

Онлайн-форумға Италия, Испания, Швейцария, Германия, Чехия, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан мен Қазақстан компанияларының шетелдік ғалымдары мен мамандары қатысты. Соның ішінде «Жасанды интеллект және Big Data» кафедрасының меңгерушісі Мансұрова М.Е. қатысты. Баяндама тақырыбы: «Разработка системы мониторинга горных ледников на основе искусственного интеллекта».

Кездесу барысында геодезиядағы спутниктік технологиялар, геодезиялық цифрлық технологиялар және тағы басқа тақырыптар талқыланды.