«Бизнес технологиялар» кафедрасының «Логистика» мамандығының студенттері 2021 жылдың 13-15 қазан аралығында 2021 « Көлік және логистика» - TransLogistica Kazakhstan 2021 халықаралық көрмесіне барды. Аталған іс-шараның ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму Министрлігінің қолдауымен "ITECA" қазақстандық көрме компаниясы, Атакент Экспо болып табылады.
Көрмеге қатысушылар қатарында-әкімшілік Қазақстан мен шет елдердің теңіз порттары, темір жолдары мен арнайы экономикалық аймақтары; КЛО; логистикалық компаниялар; автотехника өндірушілері мен дилерлері; вагон жасау және жөндеу зауыттары; логистикалық орталықтарды жабдықтауға арналған жабдықты жеткізушілер; қойма жабдықтарын өндірушілер; жүктерді өңдеумен және қоймалаумен айналысатын компаниялар; бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеушілер, көлік саласы үшін IT-шешімдерді, процестерді автоматтандыру және жүйелік интеграция технологияларын ұсынатын ғылыми және технологиялық компаниялар. Көрмеге қатысу нәтижесінде студенттер өз мамандықтары бойынша қосымша ақпарат алды. Сондай-ақ, студенттерге көрмеге қатысушы компаниялардан тағылымдамадан өту туралы ұсыныстар түсті. Жалпы, "Көлік және логистика" - TransLogistica Kazakhstan 2021 көрмесі өте жоғары деңгейде өтті және біздің студенттер үшін пайдалы болды.