Еліміздің еркіндігі-тәуелсіздік

8 қараша, 2021

Экономика және бизнес жоғары мектебінің 1-ші курс студенттері мен М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің 2 курс студенттері «Еліміздің еркіндігі-тәуелсіздік» атты іс- шара өткізді. Іс- шара 2021 жылдың 5-6 қарашада Zoom платформасында өтті.     Онлайн   форматтағы сабақтың еш қиындығына   қарамай,   студенттеріміз   өздерін   жаңа қырынан    аша  білді.    Аталған  іс- шара  үш  тілде көрініс  тапты, яғни   қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде студенттер еркін сөйлеп, өз ойларын, өз өнерлерін  көрсете білді.

Филология ғылымдарының кандидаты Қ.А. Айсултанова, шетел тілдері кафедрасының аға оқытушылары Л.М. Алиярова, З.А. Тлеугабылова, Л.М. Махажанова және М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің   «шетел филологиясы мен аударма ісі» кафедрасының аға оқытушысы А.Б. Есеева өткен іс- шараны жоғары бағалап, студенттерден байқалған ерекше патриоттық сезімді көргенін атап өтті.

Іс- шара барысында 1 курс студенттері Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың 1991 жылы 10 желтоқсанда ұлт алдында берген антының бейнебаянын тамашалады. Іс-шара барысында, студенттер бір- бірімен сұрақ алмасып, тарихқа шолу жасады. «Өнердің көптігі жоқ»,- демекші, Азнабаева Жанар, Қыдырбаева Назерке және Елтай Айида аталған іс- шарада патриоттық нақыштағы әндерді шырқап, музыкалық аспаптарда ойнап, өз өнерлерімен бөлісті. Іс- шараны жүргізіп, жан- жақты ақпарат жинаған студенттер қатарынан Жусупова Аида, Дінмұхамедқызы Жанерке мен Омаркулов Курбаналибекті көре аламыз. Өзге студенттер Қазақстан Республикасының 30 жылдың ішінде қолы жеткен жетістіктерін ағылшын тілінде бір- біріне баяндап, мәліметтермен алмасты.

Тәуелсіздікті мәңгілік ету тек қазіргі жастардың қолында. Егемендікке дейін халқымыз ашаршылықты, өзге мемлекеттерден қысымды, алауыздықты да көрді. Бірақ ата- бабаларымыз ешқашанда берілмей, соңына дейін біздер үшін күресті. Солардың арқасында, біздер еркін мемлекетте өсіп келе жатырмыз. Білім алумен қатар, осындай іс- шаралардың арқасында біз мемлекетімізді одан сайын күшейтіп, тәуелсіздігімізді мәңгілік қыла аламыз.

Басқа жаңалықтар