- Басты бет
- Жаңалықтар
- 2021 жылдың 5 қарашасында «Ғылыми жұмыс жазудың негізгі талаптары» тақырыбында ғылыми семинар өтті.
2021 жылдың 5 қарашасында «Ғылыми жұмыс жазудың негізгі талаптары» тақырыбында ғылыми семинар өтті.
9 қараша, 2021


Тарих ғылымдарының докторы, профессор, белгілі қытайтанушы Мұхаметханұлы Нәбижан ғылыми-зерттеу жұмысы барысында қолданылатын негізгі талаптар мен ұстанымдар жайлы сөз қозғады. Семинарға магистранттар, докторанттар, сонымен қатар кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты. Ғылыми-зерттеу жұмыстары жас ғалымдар үшін ең қызықты және маңызды тақырыптардың бірі болып табылады. Семинар барысында профессор Мұхаметханұлы ғылыми материалдар мен дереккөздерді жинақтау, оларды талдау және жүйелеу, сондай-ақ далалық зерттеу жұмыстары мен ғылыми мәтінді безендіру бойынша пайдалы кеңестер берді. Соңында Мұхаметханұлы Нәбижан барлық қызықтырған сұрақтарға толыққанды жауап берді.

Басқа жаңалықтар
22 желтоқсан, 2025
22 желтоқсан, 2025
22 желтоқсан, 2025