Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультеті үндітану бөлімінің студенттері Дивали мерекесіне орай Алматы қаласындағы «Қазақконцерт» залында өткен концертке қатысты.
Үндістанның Жаңа жылы саналатын мерекеге арналған шара Қазақстан Республикасындағы Үндістан елшілігі, Свами Вивекананда мәдени орталығы және Алматы-Қазақстан Үнді классикалық би және йога орталығымен бірге ұйымдастырылды.
Білім ордасындағы Таяу Шығыс және Оңтүстік Азия кафедрасының үнді бөлімінің 3-4 курс жастары өз білімдерін іс жүзінде қолданып, хинди тілінде екі елдің ынтымақтастық қарым-қатынастары жайлы таныстырылым жасады.
Үндістан – Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін біздің елмен дипломатиялық қарым-қатынас орнатқан алғашқы елдердің бірі. Содан бері екі ел арасындағы әріптестік түрлі салаларда дамып келеді.
Сонымен қатар жастар хинди тілінде өлең шумақтарын оқып, әсем әннен тарту жасады. Мерекелік концерт Instagram және Facebook платформаларында тікелей эфирде көрсетіліп, түрлі елден тамшалаған көрерменнің жоғары бағасына ие болды.
Айта кетсек, еліміз бойынша Үндістан мәдениеті, әдебиеті мен тарихын зерттейтін, қазақ, орыс, хинди, урду тілдерін бірдей жетік меңгерген үндітанушы мамандар Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да ғана даярланады.