10 қараша 2021 ж. «Әділет» клубының мүшелері, заң факультетінің «құқықтану» мамандығының 314 тобы, «Құқық қорғау қызметі» мамандығының 208 тобы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің заң факультетінің қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының з.ғ.к., профессоры Г.М.Атаханова, оқытушы Д.Көшенова, заң факультетінің 421 аудиториясында «Тәуелсіз мемлекет» тақырыбында мерекелік іс-шара өткізді.Шараның басты мақсаты: Тәуелсіздік туралы терең мағлұмат беру. Ата - бабамыздың тәуелсіздік жолындағы ерлігін үлгі етіп, студенттерді өз Отанын сүюге, еліне, халқына қызмет етуге тәрбиелеу. Еліміздің тәуелсіздігін атап өту қарсаңында ел тарихына шолу жасау. Тәуелсіз еліміздің жетістіктерімен таныстырып, білгендерін тереңдету.Шараның қысқаша мазмұны: Кештің арнайы қонақтарын, оқытушыларды, студенттерді 16 желтоқсан тәуелсіздік күнімен құттықтап, кештің барысымен таныстырылды және «Тәуелсіз мемлекет» атты кішігірім мерекелік іс шара жүргізілді. Аталған шараға заң факультетінің оқытушылары, кафедра меңгерушілері шақырылып, жоғарыдағы шараны ұйымдастырып отырған студенттер тарапынан нақыл сөздер, слайдтар, өлеңдер, әндер шырқалды. Барлық отырған қонақтарға, оқытушыларға алғыс айтылды. Осы өткізілген шара одан әрі де дәстүрге айналып, мұндай мерекелік концерттер, шаралар көбейе берсін деген тілектер айтылды.