Меморандум мәселесі талқыланды

15 қараша, 2021

Меморандум мәселесі талқыланды

2021 жылдың 9 қарашасында Экономика және бизнес жоғары мектебінің деканы Лейла Бимендиева, кафедра меңгерушілері және факультеттің профессор-оқытушы құрамы Алматы қаласының Цифрландыру басқармасы Деректерді басқару бөлімінің жетекшісі Аида Дарменоваменкездесті. Кездесу аясында Экономика және бизнес жоғары мектебінде білім беру сатылары бойынша «Мемлекеттік және жергілікті басқару», «Ақылды қала», «Цифрлы экономика», «Қаржы» және «Логистика» білім беру бағдарламалары аясындағы коллаборация, сонымен қатар Алматы қаласыныңэкономикалық және әлеуметтік-мәдени дамуыныңнегізгі әлеуетті бағыттарын анықтау бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою мәселелері талқыланды.