Төлегенованың мерейтойы өткізілді

15 қараша, 2021

 

10 қараша күні Экономика және бизнес жоғары мектебі экономика ғылымдарының докторы, профессор Мадина Төлегенованың мерейтойына арналған «Жаһандық циклдік көшу: Қазақстанның таңдауы мен мүмкіндіктері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. 

Шара барысында экономика ғылымдарының доктор Фатима Жақыпова,  Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер бойынша проректор Зұлхайыр Мансұров, химия ғылымдарының докторы Мұхамбетқали Бүркітбаев, тағы басқалармерейтой иесін қызу құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

Гуманитарлық және жаратылыстану бағыттары аясында өткен шарада Жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті Рахман Алшанов,Рахман Алшановичэ.ғ.д., ҚР ЖОО Қауымдастығының президенті, М.В. Ломоносов атындағы ММУ іргелі физика-химиялық инженерия факультетінің профессоры Владимир Арутюнов, РҒА газ химиясы жөніндегі ғылыми кеңесінің мүшесі Болат Мұхамедиев, Экономика кафедрасының профессоры Римма Сағиева және Мадина Сәкенқызы баяндама жасады.