Кәсіби бағдар жұмыстары жүргізілді.

18 қараша, 2021

2021 жылы 12 қараша күні әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті Тарих факультеті Дүние жүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасының аға оқытушысы Абдрахим Мирас Еркінұлы университетке арнайы келген Тараз қаласының №125 мектебінің 11 сынып оқушыларымен кәсіби бағдар бойынша жұмыстар жүргізді. Атап айтқанда, болашақ талапкерлерге әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің орналасу ерекшеліктерінен бастап, тыныс-тіршілігімен, оқу ғимараттарымен таныстырып, ҚазҰУ қалашығында шағын экскурсия жүргізді. Сондай-ақ әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің мамандықтарына шолу жасап, соның ішінде, Тарих факультетінің мамандықтары бойынша кеңінен ақпараттар берілді.