Құрметті оқытушылар, студенттер, магистранттар және докторанттар!
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің шақыруы бойынша болгар ғалымы, PhD доктор, қауымдастырылған профессор Николай Вуков (Nikolai Vukov) 15 қараша мен 15 желтоқсан арасында Тарих факультетінің докторанттары, магистранттары және студенттеріне арнап «History, Memory, Heritage: The Communist Period and Its Aftermaths» («Тарих, жады, мұра: коммунистік дәуір және оның салдары», «История, память, наследие: коммунистический период и его последствия») атты тақырыпта дәрістер сериясын оқиды.
Николай Вуков Болгарияның София қаласындағы Болгар Ғылым Академиясы, Этнология және фольклористика институты, Этнографиялық музейіндегі «Вербальды дәстүрлер антропологиясы» бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарады.
Николай Вуковтың дәрісі жалпы көпшілікке де ашық.
Профессор Вуковтың дәрісіне байланысты сұрақтар бойынша «Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы» меңгерушісінің халықаралық байланыс және ғылыми-инновациялық жұмысы бойынша орынбасары Оразаев Ернұр Тұрсынұлына хабарласуға болады: +7 702 079 91 87
Ол «Kinship Relationships in Bulgarian Heroic Epics» (2018) кітабының, сонымен қатар бірнеше монографиялар мен кітаптардың бөлімдерінің бірлескен авторы. Бұған қоса ол ескерткіштер, тарихи жады, көші-қон және мәдени мұра мәселелеріне қатысты көптеген еңбектерді жариялаған.
Сондай ақ Николай Вуков жуырда жарияланған «HEROIC ART AND SOCIALIST REALISM: MONUMENTS, MEMORY AND THE REPRESENTATIONS OF THE SOCIALIST PAST AFTER 1989» еңбегінің авторы болып табылады.