Шапырашты Наурызбай батырдың 315 жылдығына арналған конференция

20 қараша, 2021

Қаскелен қаласында орналасқан аудандық тарихи музейдің ұйымдастыруымен Шапырашты Наурызбай батырдың 315 жылдығына арналған конференция өткізілді. Конференцияға Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Кәрібаев Берекет Бақытжанұлы қатысып "XVIII ғасырдағы қазақ батырлары және шапырашты Наурызбай батыр" атты тақырыпта баяндама жасады