- Басты бет
- Жаңалықтар
- 619011-EPP-1-2020-1-KZ-EPPKA2-CBHE-JP «Климаттың өзгеруіне жағалаудағы экожүйелердің бейімделуіне арналған геокеңістіктік инженерия бойынша жаңа курстар – GEOCLIC»
619011-EPP-1-2020-1-KZ-EPPKA2-CBHE-JP «Климаттың өзгеруіне жағалаудағы экожүйелердің бейімделуіне арналған геокеңістіктік инженерия бойынша жаңа курстар – GEOCLIC»
Жобаның негізгі мақсаты - нарық талаптарына және озық практикаға сәйкес келетін инновациялық үш деңгейлі оқу жоспарлары арқылы Әзірбайжанда, Қазақстанда және Түркіменстанда бакалавриат / магистратура / докторантура деңгейлерінде жаңа геокеңістіктік технологияларды, ауқымды деректерді және қашықтықтан зондтауды қолдана отырып, жағалау экожүйелерінің мониторингі және қоршаған ортаны қорғау саласында оқытуды жаңғырту және интернационалдандыру. Қоршаған ортаны қорғауға қатысты шешімдер қабылдау үшін спутниктік деректер мен жерүсті деректерін түсіну, түрлендіру және түсіндіру үшін құзыреттері мен дағдылары бар мамандардың жеткіліксіздігі және жағалау аймағының экология, басқару және инженерия саласында мамандардың болмауы Каспий теңізі өңірінің экономикалық дамуына әсер етеді. Спутниктік бейнелер мен қашықтықтан зондтау арқылы жағалау аймағының динамикасын талдауға арналған бағдарламалар мен жабдықтардың жетіспеушілігі геокеңістіктік инженерия саласындағы түлектер мен мамандардың құзыреттілігі мен дағдыларына әсер етеді.
Қалыптасқан жағдайды өзгерту үшін бұл жоба мынадай мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған:
- · Болон процесінің мақсаттарына және қазіргі заманғы еңбек нарығының талаптарына сәйкес мақсатты саладағы BA / MSc / PhD ағымдағы курстарын жаңарту.
- · Инновациялық оқыту / оқу ортасын және ECTS қоса алғанда, бас принциптерге сәйкес жағалаудағы экожүйелердің экологиялық қауіпсіздігі үшін арнайы жасалған геокеңістіктік технологиялар, қашықтықтан зондтау, мониторинг және үлкен деректерді өңдеу бойынша практикаға бағытталған, студентке бағдарланған жаңа курстарды әзірлеу, енгізу және аккредиттеу.
- · Еуропа университеттерінде мақсатты ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыру.
- · Оқытудың / оқудың инновациялық ортасын әзірлеу және құру үшін әр серіктес университетте еңбек нарығымен байланысты нығайту, әртүрлі мақсатты топтарға қызмет көрсету және білім беру қызметтерін маркетинг мақсатында виртуалды іс-шараларға арналған жаңа GEOCLIC зертханасын (GEOLAB), GEOCLIC кеңсесін (GEOCOF) және сыныпты (CVE) құру және жабдықтау.
- · Әріптес елдердің ұйымдары, ЕО ЖОО және кәсіпорындармен берік ғылыми және академиялық байланыстар орнату.
- · Жоба нәтижелерінің жоғары сапасын және жоба нәтижелерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету.
Серіктер № |
ЖОО-ның атауы |
|
Р1 |
Координатор әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті, KazNU |
KZ |
Р2 |
Твенте университеті, Геоинформатика және Жерді бақылау факультеті, UT-ITC |
NL |
Р3 |
Берлин техникалық университеті, TUB |
DE |
Р4 |
Гедиминас атындағы Вильнюс техникалық университеті, VGTU |
LT |
Р5 |
Констанца теңіз университеті, CMU |
ROU |
Р6 |
EXOLAUNCH GmbH, EXO |
DE |
Р7 |
Баку мемлекеттік университеті, BSU |
AZ |
Р8 |
Әзірбайжан Ұлттық авиация академиясы, NAA |
AZ |
Р9 |
Әзірбайжан сәулет және құрылыс университеті, AzUAC |
AZ |
Р10 |
Мингячевир мемлекеттік университеті, MSU |
AZ |
Р11 |
Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инженерия университеті, CSUTE |
KZ |
Р12 |
Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай-газ университеті, S. Utebayev AOGU |
KZ |
Р13 |
С.А.Ниязов атындағы Түрікмен ауылшаруашылық университеті, ТAU |
TM |
Р14 |
Магтумгули атындағы Түрікмен мемлекеттік университеті, TSU |
TM |
Р15 |
Халықаралық гуманитарлық ғылымдар және даму университеті, IUHD |
TM |
Р16 |
Халықаралық Экоэнергетика академиясы, IEEA |
AZ |
Р17 |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «География институты», InGEO |
KZ |
Бейсембекова Меруерт
Механика кафедрасы