Құрметті әріптестер, студенттер, магистранттар және докторанттар!

23 қараша, 2021

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің шақыруы бойынша Ресей халық шаруашылығы және Мемлекеттік қызмет академиясының Өзекті тарих және медиа зертханасының жетекші ғылыми қызметкері (РАНХиГС, Мәскеу), тарих ғылымдарының докторы, Магнитогорск университетінің профессоры М.Н. Потемкина  20 қараша мен 20 желтоқсан арасында Тарих факультетінің докторанттары, магистранттары және студенттеріне арнап «Вторая мировая война в антропологическом измерении» («Антропологиялық өлшемдегі Екінші дүниежүзілік соғыс») атты тақырыпта дәрістер сериясын оқиды.

М.Н. Потемкинаның дәрістері жалпы көпшілікке де ашық.

Профессор М.Н. Потемкинаның дәрісіне байланысты сұрақтар бойынша «Дүниежүзі тарихы, тарихнама және деректану кафедрасы» меңгерушісінің халықаралық байланыс және ғылыми-инновациялық жұмысы бойынша орынбасары Оразаев Ернұр Тұрсынұлына хабарласуға болады: +7 702 079 91 87