Жаңа оқу жылында жаңа кітапхана ашылды
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жаңа оқу жылына биылғы Елбасының халыққа дәстүрлі Жолдауында әлеуметтік жаңғыруды қоғам алдындағы мақсат ретінде қойды. Осы бағытта жоғары оқу орындарының рөлі ерекше. Университеттер қаншалықты білімді, толыққанды бәсекеге қабілетті мамандар дайындайтын болса, соған байланысты қоғамымыз дамиды. Студенттердің білім алып, ғылыми жұмыстарын жетілдіруге кітапхананың, оқырман залдарының білім нәрімен сусындауға келген жастарға тигізер үлесі өте үлкен. Осы орайда 1 қыркүйек білім күні, ҚазҰУ басшыларының қолдауымен колледж студенттеріне арналған ғылыми кітапханасының оқырман залы мен абонементі салтанатты түрде ашылды.
Салтанатты ашылу рәсіміне ҚР кәсіподақ Федерациясы жастар кеңесінің және Алматы қалалық «Парасат» кәсіподағының төрағасы Данат Жанатаев, ҚазҰУ «Парасат» кәсіподағының төрағасы Талғат Мекебаев, ғылыми кітапхана директоры Гүлжан Мұсағалиева, ректор аппараты жетекшісінң орынбасары Әбдіқаһар Сейітжанов және колледж директоры Талғат Молдаханов қатысты. ҚазҰУ-дың ғылыми кітапханасының директоры Гүлжан Мұсағалиева осы колледж студенттеріне арналған кітапхананы ашуға өте үлкен үлес қосып отыр. Абонементте 5000 дана кітап және бірнеше журнал-газеттер, жаңа оқу-әдістемелік жинақтар бар. Арнайы оқырмандарға арналған 160 отыратын орыны бар зал беріліп отыр. Кітапханада барлық сала бойынша әдебиеттермен қамтамасыз етілген. Оқырмандарға арнайы электрондық картотека, каталогтарды қолдануға мүмкіндік бар. Жаңа оқу жылынан бастап әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде толық жаңғырту үрдістері жүріп жатыр. Биылғы оқу жылына ҚазҰУ әлемдік деңгейдегі зерттеу университетінің үлгісін жасап жаңғыртуды жүзеге асыруда.
Сонымен қатар, колледждің 1-курс студенттері кураторларымен таныстырылып, алғашқы сабақ басталып та кетті.
ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі