«Қазақ тілінде сөйле, әлемді таң қылып, Қазақстан - тәуелсіз ел мәңгілік!»

28 қараша, 2021

       Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультеті, қазақ тіл білімі кафедрасының ұйымдастыруымен 2021 жылдың 27 қарашасында қазақ тілі пәнінен «Қазақ тілінде сөйле, әлемді таң қылып, Қазақстан - тәуелсіз ел мәңгілік!» атты Республикалық олимпиада өз мәресіне жетті.

Олимпиаданың мақсаты: ҚР ЖОО-дағы орыс тілді аудиториядағы студенттердің мемлекеттік тілді білуімен қатар халқымыздың мәдениеті мен тарихын, салт- дәстүрін, ұлттық болмысын тануы мен мемлекеттік тілді оқытудың деңгейін нығайту.

Республика бойынша 34 университеттен жұмыс келіп түсті. Олимпиадаға Қазақстан халқы Ассамблеясы «Вайнах» шешен-ингуш Ассоциациясы төрағасының орынбасары, мәдениет қайраткері, актриса АХМАДОВА ЗУРА АЛАУДИНОВНА, ұйғыр этно-мәдени орталығы төрағасының орынбасары АБДРАХМАНОВА ШАМШИКАМАР АБДУЛЛАЕВНА,ӘЛ-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың қазақ тіл білімі кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.д., профессор Анар Бекмырзақызы Салқынбай қазылық етті. Қазылар алқасының шығарған қорытындысы бойынша жүлделі орындар анықталды.

Бас жүлде – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, шығыстану факультетінің студенті, Мичкасов Алексей (жетекшісі: ф.ғ.к. Өтемісова Г.Ж.)

І орын – Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясы, сәулет факультетінің студенті Колесникова Екатерина. (жетекшісі: ф.ғ.к. Тәшімбай С.Қ.)

ІІ орын – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, филология факультетінің студенті Джабраилова Азарь. (жетекшісі: аға оқытушы Ахметалиева Г.У. )

ІІІ орын – Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Медицина және денсаулық сақтау факультетінің студенті Буркеева Диана (жетекшісі: ф.ғ.к. Дәрменқұлова Р.Н.) иеленді.

Басқа жаңалықтар