- Басты бет
- Жаңалықтар
- «Қазақстанның әлемдік саясаттағы рөлі және қазіргі халықаралық қатынастар» тақырыбында жетекшілік дәріс өтті
«Қазақстанның әлемдік саясаттағы рөлі және қазіргі халықаралық қатынастар» тақырыбында жетекшілік дәріс өтті
2011 жылдың 1 қыркүйегінде Халықаралық қатынастар факультетінде ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі, белгілі қоғам қайраткері, профессор Ақмарал Хайдарқызы Арыстанбекова жетекші дәріс оқыды. А.Х. Арыстанбекова тәуелсіз Қазақстан тарихындағы тұңғыш Сыртқы істер министрі және БҰҰ-дағы ҚР алғашқы елшісі болды.
Көпшілікке арналған дәрістің тақырыбы: «Қазақстанның әлемдік саясаттағы рөлі және қазіргі халықаралық қатынастар». Дәрістің басында Ақмарал Хайдарқызы халықаралық қатынастар факультетінің оқытушылары мен студенттерін «Білім күнімен», ал 1-ші курс студенттерін университетке түсуімен шын жүректен құттықтады. Бұдан кейін ол халықаралық қатынастардың қазіргі жағдайдағы мәселелеріне, ұлы державалар саясатына, Қазақстан Республикасының дүниежүзі қауымдастығындағы мүдделеріне жан-жақты тоқталды. Дәрісте ҚР тұңғыш Президенті – ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанның тәуелсіз сыртқы саясатының қалыптасуындағы рөлі баса көрсетілді; ҚР БҰҰ-на кіру үдерісі туралы айтылды, Қазақстанның 20 жылдық сыртқы саясат курсының негізгі белестері ашылды. Оқытушылар мен студенттерге ҚР 1992 жылы БҰҰ-ға салтанатты кіруі жөніндегі мұрағат материалдары көрсетілді. Негізгі дәріс аяқталғаннан кейін А.Х. Арыстанбекова факультет оқытушылары мен студенттердің бірқатар сұрақтарына жауап берді. Дәріс соңында факультет деканы тыңдаушылардың қол шапалақтап қоштауымен А.Х. Арыстанбековаға гүл шоқтарын тапсырды. Дәл осы күні 3 және 4 курс студенттері Карнеги қорының өкілі, профессор Март Олкоттың АҚШ-тың сыртқы саясаттағы басымдықтары жөніндегі, сондай-ақ қазіргі кезеңдегі екі ел арасындағы ынтымақтастықтың болашағы туралы таныстырған жетекші дәрісіне қатысты.